Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

БАС МҮФТИ АТЫРАУДА ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІМЕН СҰХБАТТАСТЫ (ФОТО)

12.04.2018 757 0 пікір

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Атырау облысының зиялы қауым өкілдерімен, ел ағаларымен, жастармен кездесті. Кездесу шарасын облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жүргізді. Н.Асқарұлы Бас мүфтидің қадамына сəттілік тілеп, мемлекетіміздің игі бастамаларын айта келе ҚМДБ төрағасына сөз берді.

"Қадірлі ағалар, бауырлар! Расында, баршамыздың қоғамда өзімізге қатысты атқаруымыз тиіс миссияларымыз бар. Ақсақалдар жүрген жерде ақылын айтса, жастар тәуекелге бел буып, қызмет етсе, білім алса, орта буын өкілдері мемлекетіміздің өркендеуіне үлес қосса, имамдар ізгілікті насихаттасса біздің қоғам жан-жақты дамитын болады. Алла Тағала баршамыздың жұмысымызға береке берсін", - деді Бас мүфти.

Кездесу барысында Республикалық ардагерлер кеңесінің төраға орынбасары Өмірзақ Озғанбаев пікір білдіріп, батасын берді. 

Емен-жарқын жүздесуде жергілікті жұртшылық Бас мүфтиге сұрақтарын қойып, жауап алды.

https://fex.net/get/895487121700/410438383

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру