Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

БАС МҮФТИ ШЕТПЕ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ (ФОТО)

09.04.2018 743 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Маңғыстау облысына жасаған ресми сапары барысында Маңғыстау ауданы Шетпе елді мекенінің жұртшылығымен кездесті.

Кездесуге Маңғыстау ауданы Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, әкімдік қызметкерлері, жергілікті ақын-жазушылар мен қоғамдық ұйымдардың белсенді жастары, БАҚ өкілдері қатысты. Алқалы жиынды Маңғыстау ауданының әкімі Жармағанбет Қайырмағанбетұлы жүргізді. Аудан әкімі Ж.Айтуаров Шетпеге ат басын тіреген Бас мүфти мен ҚМДБ қызметкерлеріне алғысы мен жылы лебізін жеткізіп, Серікбай қажы Оразға сөз ұсынды.

«Қадірлі ағалар, бауырлар! Маңғыстау – құт қонған киелі өңір. Бұл өлкеден Бекет ата, Шопан ата, Ержан хазірет сынды талай әулиелер мен тұлғалар шыққан. Сол әулие бабалардың ұрпағы боп саналатын сіз бен бізге бүгінгі таңда үлкен жауапкершелік жүктеліп отыр. Ең бастысы елдің бірлігін сақтауымыз керек. Бірлік болмаған жерден береке кетеді. Екіншіден, жастарымыздың бойына ұлттық дәстүрлеріміз бен имандылықтың алтын дәнін егуіміз керек. Үшіншіден, бір-бірімізге бауырмалдық, мейірімділік танытуымыз тиіс. Алдымызда тұрған осынау міндеттерді ыждаһаттылықпен орындасақ, біз алмайтын асу, бағындырмайтын белес қалмайды деп санаймын», – деді Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Басқосу соңында ақсақалдар Бас мүфтидің қадамына сәттілік тілеп, тілеулестік білдіріп, баталарын берді. Ақындар өлең оқып, жырдан шашу шашты.  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру