Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАДІР ТҮНІ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі muftyat.kz 13.04.2023 26574 0 пікір
ҚАДІР ТҮНІ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Қадір түні мына төмендегі нәрселерді орындау мустахаб болады:  
  1. Намаз оқу. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

مَن قَامَ لَيْلَةَ القَدْرِ إيمَانًا واحْتِسَابًا، غُفِرَ له ما تَقَدَّمَ مِن ذَنْبِهِ

 

«Кім Қадір түнін иманмен және сауап тілеп, (намазда) тұрумен өткізсе, өткен күнәлары кешіріледі»[1], – дейді.

  1. Дұға жасау. Айша анамыздан жеткен риуаятта ол былай дейді: «Уа, Алланың елшісі! Мен қадір түніне сәкес келіп жатсам не деп дұға етейін?» – деп сұрадым. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сонда былай дейді:

اللهمَّ إنك عفوٌّ تُحبُّ العفوَ فاعفُ عنِّي

 

«Аллаһуммә иннәкә афуун тухиббул-афуә фағфу әнни (Аллаһым! Сен кешірімдісің, кешіргенді жақсы көресің. Менің күнәларымды кеш)» – деп айт»[2].

Сонымен қатар, Құран оқу, Алланы зікір ету, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айту, садақа беру т.б. ізгі амалдарды істеген жақсы болады.

 

«Рамазан оразасына қатысты пәтуалар» кітабынан

 

[1] Бухари, №1901.

[2] Термизи, №3513. Ибн Мәжә, №7712. Ахмад, 25384.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру