Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАУЫРЛАСТЫҚ БАЙЛАНЫС

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 22.11.2019 852 0 пікір
БАУЫРЛАСТЫҚ БАЙЛАНЫС

Нұр-Сұлтан қаласында Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Қазақстан татар және башқұрт Конгресінің төрағасы Тауфик Каримовпен кездесті.

Кездесуде Қазақстан және Татарстанның мәдени-рухани саладағы байланысы сөз болды. Сонымен қатар, екі елдің дін қызметкерлері арасындағы бауырластық байланыстың күн санап артып келе жатқаны айтылды. Басқосуда тараптар қазақ және татар дін қайраткерлерінің рухани мұралары мен еңбектері туралы сөз етіп, оны жас ұрпаққа насихаттаудың қажеттігі жайлы пікір алысты.

Кездесу соңында Бас мүфти Серікбай қажы Ораз бен Қазақстан татар және башқұрт Конгресінің төрағасы Тауфик Каримов ортақ жобаларды жүзеге асыруға сөз байласты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі