Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ – БАКУ САММИТІНДЕ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 15.11.2019 864 0 пікір
БАС МҮФТИ – БАКУ САММИТІНДЕ (ФОТО)

Әзірбайжан астанасы Баку қаласында әлемдік дін лидерлерінің саммиті өтіп жатыр. Осымен екінші рет ұйымдастырылған халықаралық жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз бастаған делегация қатысуда.

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев ашқан саммитте жаһандық әлемде мәдениетаралық диалогты нығайту, дін лидерлері терроризмге, агрессияға, исламофобияға қарсы, әйел, бала, жастар құқығын қорғау, әлемдік діни татулықты нығайтуда дін қайраткерлерінің рөлі, т.б. тақырып бойынша мәселелер талқылануда.

Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы сапар аясында Қапқаз мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, шейх Аллашүкір Пашазадемен, Түркия дін істері басқармасының төрағасы Әли Ербашпен, Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, шейх Равиль Ғайнутдинмен, Ресей Орталық мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Талғат Тәжуитдинмен, Өзбекстан мүфтиі Османхан Әлімовпен, Қырғызстан мүфтиі Мақсатбек қажы Тоқтомушовпен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық, өзара келісім, ортақ мақсаттарды жүзеге асыру туралы пікір алмасты.

Айта кетейік, Бакудегі халықаралық саммитке әлемнің 70 елінен келген дін лидерлері, халықаралық ұйымдардың жетекшілері мен өкілдері қатысуда.

Саммит соңында Баку декларациясы қабылданбақ.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі