Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тәуелсіздік күні қарсаңында мешіт ашылды

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі 16.12.2019 616 0 пікір
Тәуелсіздік күні қарсаңында мешіт ашылды

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазірет Қарағанды облысы Шет ауданы С.Сейфуллин ауылындағы «Күмісбек молда» мешітінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Бір мезетте 500 адам сиятын көрікті мешітті салған Қуат Ахметов мырзаға алғыс айтып, ризашылық білдірді. Сондай-ақ жиналған халыққа ізгі тілегі мен жылы лебізін білдірді.

Мерейлі жұма күні халық игілігіне берілген мешітте Бас мүфти туған елге құрмет көрсету және Тәуелсіздік тұғыры турасында уағыз айтып, жұма намазын өткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі