Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Мешітте мәуліт оқылды

Қостанай облысы бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі 22.11.2019 360 0 пікір
Қостанай: Мешітте мәуліт оқылды

Адамзат айрықша құрмет тұтатын сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған күні – Мәуліт. Бұл – жер бетіндегі барша мұсылман  жамағаты үшін  ерекше күн.

Көпшілікке мәлім, Мәуліт мерекесі еліміздің барлық өңірінде қасиетті мейрам ретінде аталып келеді. Қазір Қостанай облысының аудандары мен қалаларында аталған мейрамға жеткілікті көңіл бөлінуде. Мұның айғағы ретінде мәні мен мазмұны есте қаларлық рухани кештер ұйымдастырылып, мешіттерде аталып өтуде. 

Қасиетті жұма күндері Қостанай облыстық, Арқалық және Рудный қалалық мешіттерінде Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ғұмыры жайлы уағыз айтылып, салауат-шәриф оқылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі