Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Жусан иісі» деректі фильмінің тұсаукесері өтті

https://kazislam.kz/ 22.11.2019 322 0 пікір
«Жусан иісі» деректі фильмінің тұсаукесері өтті

Алматыда Сириядағы соғыс аймағынан отандастарымызды елге қайтаруға бағытталған «Жусан» операциясымен Қазақстанға оралған қандастарымыз жайлы деректі фильмнің тұсаукесері өтті. Деректі фильмнің жарыққа шығуына АҚШ-тың Бейбітшілік институты, PeaceTech Lab және MediaNet Халықаралық журналистика орталығы қолдау көрсеткен.

«Жусан иісі» фильмінің авторы журналист — Жұлдыз Төлеуова.

«Жусан» операциясымен көктемнен бастап отандастарымыз елге қайтарыла бастағанын білесіздер. Осы оқиға жайлы фильм түсіруге қатты қызығушылық білдірдім. 2 жыл бұрын «Азаттық» радиосында «Біздің атымыздан емес» деген жобаның продюсері болғанмын. Қарағанды, Жезқазған, Сәтбаевқа барып, Сирияға кеткен жастар туралы бағдарлама жасағанбыз. Сол кезде біз жастар арасында: «Егер қандастарымыз балаларын алып елге келген жағдайда оны қоғам қабылдай ма?» – деген сұрақ қойдық. Сонда көп жастар дайын болмай шықты. Кейін мемлекет «Жусан» операциясымен жастарды елге алып келгеннен кейін, мен осы тақырыпта фильм түсіргім келді. MediaNet Халықаралық журналистика орталығының грантын алып, қыркүйектен бастап жұмысқа кірісіп кеттім» дейді жоба авторы.

Деректі фильмге бейбіт заманда елден жырақта азапты күндерді бастан кешіп, соғыс зардабының ащы дәмін татқан қазақ қыздары мен олардың балаларының ауыр тағдыры, Отанына оралғаннан кейінгі жаңа өмірге қалыптасу кезеңдері арқау болады. Журналист фильм арқылы әр кейіпкердің психологиялық бейнесін ашуға тырысады. Жоба авторы теологтардан гөрі, психоаналитик мамандардың пікіріне көбірек жүгінгенін айтады.

Жұлдыз Төлеуова алдағы уақытта Сириядан келген ер-азаматтар жайлы да деректі фильм түсіруге ниетті екенін айтып өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі