Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Мейірімге бөлеген Мәуліт

«Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің баспасөз қызметі 21.11.2019 380 0 пікір
Павлодар: Мейірімге бөлеген Мәуліт

Павлодарда «Ғаламның рахым нұры» атты Мәуліт кеші ұйымдастырылды. Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында өткен шараға халық көп жиналды.

Көпшілікті мерекемен құттықтаған Павлодар облысының бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы Мәуліттің ерекшелігіне тоқталды. Мерекеге арнайы келген белгілі исламтанушы Ерсін Әміре Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ізгі қасиеттері туралы уағыз айтты. Сонымен қатар, көпшілік Мәуліт мерекесіне арнайы келген айтыскер ақын, термеші Дидар Қамиевтің өнеріне куә болды. Ол арнау айтып, терме орындап, жиналған жұртшылықтың қошеметіне бөленді.

Шара барысында өңірімізге танымал өнерпаздар да өнер көрсетті. Атап айтқанда, жас талант Шыңғыс Асығатұлы, Бауыржан Ахметовтер орындаған илләһи әндер кештің көркін аша түсті. Сонымен қатар, осы күні «Мәшһүр Жүсіп» мешіті жанындағы қарилар даярлау орталығының шәкірттері жергілікті өнерпаздармен бірігіп, салауат айтты.

Кеш барысында Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туралы бейнеролик көрсетілді. Онда Екі дүние сардары туралы әлем тұлғаларының айтқан ой-пікірлері топтастырылған. Бұдан бөлек, көрермендер арасында ойындар ойнатылып, ерекше көзге түскендерге арнайы сыйлықтар тапсырылды. Мәнді де мазмұнды өрілген кеш «Пайғамбарға сағыныш» әнімен аяқталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі