Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас имам Махамбет ауданы жұртымен жүздесті

http://www.islam-atyrau.kz/ 21.11.2019 2927 0 пікір
Бас имам Махамбет ауданы жұртымен жүздесті

Атырау облысының бас имамы Алтынбек  Ұтысханұлы бүгінгі Махамбет ауданына жұмыс сапары аясында жергілікті Мәдениет үйінде жұртшылықпен кездесті.

Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Света Аманшина жүргізген кездесуде мұнайлы өлкенің Бас имамы Алтынбек  Ұтысханұлы жұртшылықты ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» тұғырнамасымен таныстырды.

«Иманым – жиғаным» деп, бақытын исламнан іздеген бабаларымыз сан ғасырдан бері салт пен сүннетті үйлестіріп, өнегелі өмір сабақтастығын қалыптастырды. Аллаға шүкір, ізгілердің ізін басқан бүгінгі ұрпақ ата салтын сақтап, дәстүрлі діннің құндылықтарын өмірінің темірқазығы етті. Имандылық бастауы болған ұят, ар, намыс, обал, сауап, ізет сынды ұғымдар халқымыздың өмір салтында әдемі әдетке айналды. Тәлімдік құжаттың алғашқы ұстынында имандылықтың көріністері баяндалады» деп атап өтті ұстаз Алтынбек  Ұтысханұлы өз сөзінде.

Кездесу соңында бас имам жергілікті жұртшылық тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Іс-шараға ауданның зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, жастар және жергілікті ауыл тұрғындары қатысты. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру