Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Таңдай ауылында мешіт салынады

http://www.islam-atyrau.kz 20.11.2019 3348 0 пікір
Атырау: Таңдай ауылында мешіт салынады

Бұл туралы Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Махамбет ауданына жұмыс сапары аясында мәлімдеді.

Таңдай ауылына арнайы атбасын тіреген Алтынбек Ұтысханұлы аталған елдімекеннен құлшылық үйін тұрғызу заман талабынан туған қажеттілік екенін айтты.

«Ерекше атап өтерлігі – мешіт құрылысын толықтай жергілікті кәсіпкер жүргізгелі отыр. Сондай-ақ, кәсіпкер мешіт имамына баспана салып беруді, имамға жалақы төлеуді толықтай өз жауапкершілігіне алды. Бұл – асыл дінімізге деген ерекше қамқорлықтың көрінісі. Осынау сауапты істі қолға алып отырған бауырымызға Алла разы болсын» деді Алтынбек  Ұтысханұлы.

Мешіт тұрғызылатын орынмен танысып, құлшылық үйінің жобасын көрген бас имам қазіргі уақытта қажетті жобалық-сметалық құжаттың жасақталып жатқанын айтты.

Есімін атамауды өтінген кәсіпкер – жергілікті азамат. Жақында ғана орталық «Иманғали» мешітімен бірлескен жоба – «Луфер» қайырымдылық дәмханасын ашқан кәсіпкер осылайша Таңдай ауылынан мешіт тұрғызуды қолға алып отыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру