Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Сарайшық музейіне сапар

http://www.islam-atyrau.kz/ 20.11.2019 2605 0 пікір
Атырау: Сарайшық музейіне сапар

Атырау облысының бас имамы Алтынбек  Ұтысханұлы Махамбет ауданына жұмыс сапарымен барды.

Қасиетті өңірге сапар Сарайшық ауылынан басталды. Бұл ауылда бас имам Алтынбек Ұтысханұлы «Сарайшық» тарихи музей кешеніне арнайы атбасын тіреді. Аталған музейдің тарихымен танысқан ол тарихи кешенге қолтаңба қалдырды.

«Өткенсіз болашақ жоқ. Біз тарихты ұлықтау арқылы, жас ұрпақты отаншыл рухта тәрбиелей аламыз. Жақында ғана ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» тұғырнамасының да басты мақсаты – рухы биік, намысты ұрпақ қалыптастыру» дейді бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Бас имам сондай-ақ жергілікті мешітке арнайы барып, құлшылық үйінің тыныс-тіршілігімен танысты.

  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру