Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Мешіттегі Мәуліт кеші

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 18.11.2019 2420 0 пікір
Маңғыстау: Мешіттегі Мәуліт кеші

Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық «Ар-Рахман» мешітінде әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен Мәуліт мейрамы аталып өтті.

Жансая Сейтімова, Ұлдаулет Сәрсенбаева ұстаздардың ұйытқы болуымен өткен рухани шараға алпысқа жуық мешіт жамағатынан жиналған қыз-келіншектер мен әжелер қатысты.

Ұстаздар Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірінен уағыз-насихат айтып, шараға қатысқандарға сыйлықтар үлестірді.

Кеш барысында ұстаздар шәкірттермен бірігіп Мәуліт жырын жырлады. Тәлімдік және танымдық мәні зор мерекелік отырыс соңында ақ жаулықты әжелер ақ бата берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру