Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өндіріс орындары талапқа сай ма?

nasihat.kz 17.11.2019 3745 0 пікір
Өндіріс орындары талапқа сай ма?

Бүгінде табиғи таза өнімдерге деген сұраныс жоғары. Халал өнімдер адамдар тұтынатын негізгі азық. Осыған байланысты ҚМДБ жанынан халалдық стандарттау құрылымы құрылып, жер-жердегі таза өнім шығаратын кәсіпорындарға сертификат беруді қолға алды.

Соңғы жылдары Ақмола облысында бірқатар нысандар халал талаптарға көшті. Соның бірі – ет өнімдерін өндіретін «Бижан» ет комбинаты.
Ақмола облысына жұмыс сапарымен келген ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің басшысы Смайыл Сейітбеков осы іргелі кәсіпорында болып, өндіріс жайымен танысты. Халал талаптарды сақтаудағы процессті көзімен көріп, баға берді.
Бұдан бөлек басқа да халал сертификаттарын алған қоғамдық тамақтану нысандары тексерілді.

Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбит және Халал стандарттары жөніндегі өңірдегі жауапты өкіл Науан Мүтәлұлы бұл сапар кезінде Смайыл Сейітбековпен бірге жүріп, болып, аймақтағы осы бағыттағы жұмыстарды жандандыратынын айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру