Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Мерекелік дастархан жайылды

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 14.11.2019 3364 0 пікір
Маңғыстау: Мерекелік дастархан жайылды

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің әйелдер-қыздар секторының жетекшісі Әйгерім Ахметова мен Жазира Тореканова ұстаздың ұйытқы болуымен Мәуліт кешіне арналған мерекелік дастархан жайылды.

Жиында Жазира Тореканова ұмытылған сүннеттер тақырыбында уағыз-насихат айтса, Әйгерім Ахметова әйелдер жамағатына викториналық сұрақтар қойып, меймандар арасында ойын ұйымдастырды. Ойынға белсене атсалысып, сұраққа дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар берілді. Осылайша қыз-келіншектер мерекенің сәнін келтіріп, ұстаздар мен шәкірттер болып қосылып Мәуліт жырын жырлады.

Жиналған жамағат иман бұлағынан нәр алып, адал астан дәм татып, отырыстан рухани азық алып тарқасты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру