Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Іс басқарушысы

Іс басқарушысы

Орын Ербосын Бектұрсынұлы

1980 жылы 1 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Үшбұлақ елді мекенінде дүниеге келген.  

Білімі:
1986-1995 жылдары Қ.Өмірәлиев атындағы мектебін тәмамдаған.

1995-1997 жылдары Жамбыл облысы, Меркі ауданында орналасқан «Меркі» медресесінде білім алған.

1997-1999 жылдары ҚМДБ-ның жанындағы Ислам университетінде оқыған.

2002-2007 жылдары Отырар университетінде тарих және география мамандығы бойынша сырттай оқыған.

2004 жылы ҚМДБ-мен Түркия дін істері басқармасының келісімімен Стамбул қаласындағы «Хасеки» оқу орнында «Имамдардың білімін жетілдіру» курсын аяқтаған.

2013 жылы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде «Дінтану» мамандығын тәмамдады.   

2015-2017 жылдары Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің «Дінтану» мамандығы бойынша магистратура бітірді.

Еңбек жолы:
1999-2000 жылы аралығында Шымкент қаласындағы «Әл-Біләл» мешітінде найб имамы қызметін атқарған.

2000-2001 жылдары «әл-Біләл» мешітінде бас имам, 2001-2003 жылдары Қазығұрт ауданы, Рабат елді мекеніндегі «Нұржан баба» мешітінде бас имамы қызметтерін атқарды.

2003-2012 жыл аралығында Оңтүстік Қазақтан облыстық «Абдулхамид Қаттани» мешітінде найб имам қызметін атқарған. 

2012 жылдың 10 қарашасында Оңтүстік Қазақтан облыс имамының орынбасары және Шымкент қалалық «Абдулхамид Қаттани» мешітінің бас имамы қызметтерін атқарды. 

2013 жылдың 1 қазанынан бастап Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының іс басқарушы қызметіне тағайындалды.

Отбасылық жағдайы 4 ұл, 1 қыздың әкесі