Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ АРАЛДА «ӨМІР АҒАШЫНЫҢ» СЕРТИФИКАТЫН БЕРДІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 01.10.2022 3248 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ АРАЛДА «ӨМІР АҒАШЫНЫҢ» СЕРТИФИКАТЫН БЕРДІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қызылорда облысына барған сапарында Арал аудандық мешітінде аймақ басшысы Серік Сермағамбетке Арал ауданының 95 жылдық мерейтойына орай 100 түп туя ағашының сертификатын табыстады.

Құрғақ әрі ыстық климатқа және күн сәулесіне төзімді туя «өмір ағашы» деп аталады.

Бас мүфти Арал ауданы әкіміне «Зекет және қайырымдылық» қоры жыл сайын осы өңірге 1 гектар аумаққа сексеуіл, ал ауданның 95 жылдық мерейтойына орай 100 түп туя ағашын отырғызуға ұйытқы болатынын атап өтті. Осы бастаманы жүзеге асыру үшін «Зекет және қайырымдылық» қоры мен «Барсакелмес» мемлекеттік қорығы арасында арнайы келісім жасалғанын тілге тиек етті.

Айта кетсек, бүгінде ҚМДБ жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қоры 12 бағыт бойынша жұмыс істеп келеді. Соның бірі – табиғатты қорғау.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру