Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«АҚТӨБЕ» МЕДРЕСЕСІНІҢ 17 ТҮЛЕГІ ДИПЛОМ АЛДЫ

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 29.06.2022 2534 0 пікір
«АҚТӨБЕ» МЕДРЕСЕСІНІҢ 17 ТҮЛЕГІ ДИПЛОМ АЛДЫ

Ақтөбе облысының Алға ауданында орналасқан «Ақтөбе» медресе-колледжі түлектерінің бітіру кеші өтіп, шәкірттерге диплом табысталды.

Оныншы түлектері қанат қағып отырған медреседегі салтанатты рәсім Х республикалық Құран жарысында 20 парадан ІІ орын иегері, биыл оқуын тәмамдап жатқан Хабибулла қари Раушанның құран аяттарын оқуымен басталды. Бұдан кейін Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы, облыстық дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев, аталған рухани білім ордасындағы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жексенбай Торбаев пен медресе-колледждің ұстазы Бауыржан Нұрғалиев қатысып, түлектерге лебізін білдірді.

Облыстың бас имамы түлектерге білім жолының басты мақсат-міндетін айтып, ел дамуында дінге қызмет етуге шақырды.

«Бүгін міне, шәкірттеріміз үздік бітірген дәрежелерін көріп отырмыз. Түлектер мен шәкірттерге айтқым келеді, осы медресе қабырғасындағы уақытты тиімді пайдалану керек. Барынша уақыттарыңызды ілімге арнап, ұстаздардан толық білім алып шығыңыздар. Уақыт өтіп, жас келіп қалғаннан кейін ілім адамға қона бермейді. Сондықтанда осы медресе қабырғасында толыққанды білім алуға әрекет жасауымыз керек.

Құранда Алла Тағала баяндайды: «Иман келтіргендердің және де білім бергендердің Алла Тағала дәрежесін көтереді». Бұл білім дегеніміз – Алланың берген нұры. Бізді қараңғылықтан жарыққа алып шығатын, жол көрсететін, адасудан сақтап қалатын бірден бір нәрсе ол – Алла Тағаланың берген білімі.

Медресенің ең бірінші мақсаты – мешіттерді имамдармен қамтамасыз ету екенін ұмытпағайсыздар. Биыл оқу ордасынан 17 шәкірт бітіріп, оның 13-і ҚМДБ төарағасы, Бас мүфти Наурызбай Тағанұлының бұйырығымен имамдық қызметке тағайындалып жатыр» деді бас имам.

Бітіру кешінде шәкірттер ғибратқа толы қойылым қойып, ата-аналар ұстаздарға алғысын айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру