Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Құран Кәрімді хатым етті

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 25.01.2022 1790 0 пікір
Ақтөбе: Құран Кәрімді хатым етті

Ақтөбе облыстық орталық мешітінде наиб имам Бекжан қари Әлденов Құран Кәрімді хатым етті. Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы елімізге тыныштық пен татулық тілеп, Құран хатым дұғасын жасады.

«Елімізде тұңғыш рет жамағатқа күнделікті намазда толық Құран Кәрімді жатқа хатым ету идеясын Мысыр мен Түркия елінде ілім алып жүргенімде мақсат еттім. Бұл сауабы мол игі шараға 2021 жылдың маусым айында Серікжан Еншібайұлы Ақтөбе облысының бас имамы болып тағайындалғаннан кейін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде қолға алынды. Негізі Төлеби Оспанның кезінде бастап едік, карантин жағдайына байланысты үзіліп қалды. Алланың қалауымен жеті жарым айдың ішінде күнделікті жүйелі түрде түрде үзіліссіз таң намазында 2 бет, құптан намазына 2 беттен жатқа «Бақара» сүресінен бастап оқып, «Нәс» сүресімен бүгін аяқтадық.

Рас, елімізде қариларымыз Құран Кәрімді хатым етіп жүр, алайда жүйелі түрле үзіліссіз күнделікті намазда толық Құран Кәрімді жатқа хатым ету алғаш рет өтті. «Бес уақыт намаздан кейін жасалған дұға сияқты, хатымнан кейін жасалған дұға да қабыл болады» (Табарани) десе, «Хатым дұғасы жасалған жерге қатысқан адам, олжа таратылып жатқан жерге қатысқан сияқты болады. Хатым етуді бастаған жерде болған адам жиһад етуші сияқты. Екеуіне де қатысқан адам екі сауапқа да қауышады және шайтанды масқаралаған болады» (Хазинәт-ул-әсрар) делінген. Бұл әрине, түсіне білген әр мұсылман үшін баға жетпес бақыттың бірі. Күнделікті намазда толық Құран Кәрімді жатқа хатым ету қариларымызға өздерін үнемі пысықтау үшін аса қажет болса, жамағаттың Құранға деген махабаттын арттыруға апаратын жол» деді Бекжан қари Әлденов.

Облыстың наиб имамы Бекжан қари Әлденовке ақтөбелік кәсіпкер Тұрлан Қаленұлы Алланың сөзін, Құранның дәрежесін көтеріп, Ұмраға (кіші қажылыққа) жолдама табыс етті. «Осындай игі істер жалғасын тапса, әрдайым қолдауға дайынмын» деді Тұрлан Қаленұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру