Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы дін қызметкерлеріне арналған жиында осылай деді.
«Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жуырда Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда дәстүрлі отбасы құндылықтарын табанды түрде орнықтыра беруіміз қажет екенін, сонымен қатар жат ағымдардың ұрпақ санасын улауына жол бермеу үшін салт-дәстүрімізді сақтау және саналы ұрпақ тәрбиелеу арқылы төтеп бере алатынымыз жайлы атап өтті. Біз дәстүрлі Исламды дәріптеу, қоғамда отбасы құндылығын насихаттау бағытындағы жұмыстарымызды жүйелі түрде жүргізіп келеміз. Биылғы жылды діни қызмет аясында «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы деп жарияладық. Осы бастама аясында ауқымды іс-шараларымызды бастап кеттік» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Айта кетсек, жиналысқа облыс бас имамдары онлайн режимде қатысты.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру