Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ АТЫРАУДАҒЫ «ИМАНҒАЛИ» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 15.03.2024 1079 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ АТЫРАУДАҒЫ «ИМАНҒАЛИ» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінде жамағатқа жұма уағызын айтты.

«Әрбір істі көркем түрде атқару» деген тақырыпта насихат айтқан ҚМДБ Төрағасы алдымен Атырау жамағатын Рамазан айымен құттықтады. Әсіресе осы айда Алланың разылығы үшін атқарылатын істерді ең көркем әрі жоғары деңгейде атқаруға тиіс екенін, оның сауабы басқа айлардан артығырақ болатынын еске салды.

«Алла Тағала жаратылыстардың ішінде адам баласын құрметті етті. Оны ақыл-сана арқылы ерекшеледі. Өзіне соншалық нығмет берген Жаратушысына шүкірлік ретінде адам баласы да Оның әмірлерін ең көркем түрде, яғни ихсан дәрежесінде атқаруға тырысуы қажет. Алла Тағала қасиетті Құрандағы «Қасас» сүресінің 77-аятында: «Алла саған көркем жақсылық еткеніндей сен де көркем түрде жақсылық істе», – деп бұйырған. «Әл-ихсану» (الاحسان) сөзі «әхсана» (أَحسن) етістігінен туындап «қандай да бір істі көркем түрде істеу, жақсылық жасау» деген мағыналарды қамтиды. Ал ихсанның көрініс табатын бір кезеңі – Рамазан айы. Өйткені осы айда тұтатын оразамыз Құдай мен пенде арасындағы сыр болып саналады. Басқа құлшылықтардың сыртқы сипаты көрінсе, ораза тек Алла Тағалаға ғана мәлім болады» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сондай-ақ Бас мүфти жұма намазын Атырау жамағатымен бірге оқып, ел мен жердің амандығы үшін дұға жасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру