Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Солтүстік Қазақстан облысына 3 фура көмек жіберілді

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 24.04.2024 322 0 пікір
Павлодар: Солтүстік Қазақстан облысына 3 фура көмек жіберілді

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қоры» ұйымдастыруымен Павлодар облысы бойынша су тасқынынан зардап шеккен кей облыстарға, атап айтсақ, алғашында Атырау облысына имамдар мен жамағат атынан 3 млн-ға жуық теңге қаржылай көмек жіберілді.

«Ал 15 сәуірден 19 сәуір аралығында «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің ауласында «Қайырымдылық керуені» акциясын ұйымдастырып тасқын судан зардап шеккен облыстарға қажетті заттармен қамтылған 1 фура көмек жібереміз деп ниеттенген едік. Алайда 5 күннің ішінде халықтың қолдауымен 3 фура көмек жиналды. Бұл сауапты науқанға облыстың барлық халқы ауыл, аудан, қала тұрғындары ұлтқа, дінге бөлінбей бір адамдай көмектесті. Әрбір адам қолынан келген көмегін аямады, біреуі бір мың теңге берсе, біреуі жүз мың теңге, ал біреуі жылы көрпе, жастық, матрас, одеялдар әкелсе, келесі адамдар шаруашылыққа қажетті заттар күрек, арқан, балта-балға, таза сулар, бұзылмайтын азық-түліктер, бір рет қолданатын ыдыс-аяқтар т.б заттармен көп болып көмектесуінің арқасында 60 тоннадай жүкті фураға тиеп қасиетті жұма күні Павлодар облысының халқы, мешіті жамағаты, тұрғындарының атынан Солтүстік Қазақстан облысына жібердік. Бізді қолдап шынайы ниетімен көмек көрсеткен барлық елге үлкен алғыс айтамыз. Алла елімізге бірлік, халқымызға татулық берсін, - дейді Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру